ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты ауыл және аудандық, қалалық мешіт имамдарының кезекті жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Басқосуда имам-молдаларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің тапсырмасы таныстырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы: «Имамдар халықпен етене араласып, ел ішінде қызмет жасайтындықтан барлық жағынан имам деген атқа сай болу керек. Дініміздің ғибратын насихаттау үшін діни қызметкерлер халыққа өнегенің озық үлгісін көрсетуі керек»,- деп «Имамның тұлғалық келбетіне» қатысты талаптарға тоқталды.
Жиналыста имамдар діни рәсімдерге қатысты өз пікір-ұсыныстарын айтты.
Жиында сонымен қатар жарты жылда өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланып, атқарылатын іс-шаралар жоспары қаралып, имамдарға нақты міндеттер жүктелді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
24.06.2019
3069
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру