Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әбу Ханифа" медресе колледжінің түлектері диплом алды

www.muftyat.kz 19.06.2019 4121 0 пікір
"Әбу Ханифа" медресе колледжінің түлектері диплом алды

Әбу Ханифа медресе колледжінен түлеп шыққан шәкірттерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы, Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет Пірманұлы, Әбу Ханифа медресе колледжінің ұстаздары және шәкірттердің ата-аналары қатысты.

Әділбаев Алау Шайқымұлы:

«ХХІ ғасыр имамдарына артылар сенім мен жауапты жұмыстың маңызы өте зор. Құрметті түлектер, сіздерді елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Сіздерге әрқашан сәттілік, жұмыстарыңызға табыс тілейміз»,-деді.

Әбу Ханифа атындағы медресенің 3 жылға жуық бағдарламасы бойынша білім алған 37 түлектің арасында қызыл дипломмен тәмамдаған шәкірттер де бар. Медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет болашақ имамдарға ізгі тілегін білдіріп, үш жылда жинаған білімді өзгелерге жеткізуде табанды болуларын талап етті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру