Талдықорған орталық "Иман" мешітінде өңірге қарасты имамдардың кезекті жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалығымен өткен жиында имамдар келе жатқан қасиетті Рамазан айындағы жұмыс жоспарын талқылады.
"Қасиетті Рамазан айындағы құлшылығымызды және мешітке келетін халық алдындағы қызметімізге ерекше ықыласпен қарайық. Мүфтият тарапынан келген әрбір тапсырма жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Қасиетті айдағы атқаратын істеріміз айқын, Алла баршамызға күш-қуат берсін" - деп, өкіл имам қала және аудан имамдарына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, мәжіліске ҚМДБ тарапынан өңірімізге бекітілген заңгер Сағитжан Дәулетияр мырза да қатысып, заң тұрғысынан туындауы мүмкін мәселелерді тілге тиек етті. Әсіресе, мешіттің ғимаратын заңдастыру мәселелері бойынша заң талаптарының егжей-тегжей мәселелерін анықтап, түсіндіріп берді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
taglym.kz
02.05.2019
2973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру