Талдықорған қалалық агротехникалық колледжінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Дін істері басқармасы, ҚМДБ-ның Талдықорған өкілдігімен қабылданған өзара әрекеттестік туралы үш жақты меморандум «Жастар жылы» аясында «ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - жастар арасында дәстүрлі-рухани тәрбиені дәріптеу. Жастар жиынында сөз алған ЖАНТ мүшесі, Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммед жастар тәрбиесі туралы өнегелі сөздерін тілге тиек етті.
Шараға дін және жастар басқармасының ресурстық орталығының мамандары қатысты. Жиын барысында жастардың сауалдары өзара талқыланып, «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды, ақпараттық парақшалар таратылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
taglym.kz
30.04.2019
3242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру