Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кіші футбол турнирі өз жеңімпаздарын анықтады

asyldin.kz 30.04.2019 4071 0 пікір
Кіші футбол турнирі өз жеңімпаздарын анықтады

"Ислам және Жастар" жылына орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі имамдар мен жамағат арасында Облыстық спорттық кіші футбол турнирін ұйымдастырды. 

Дүбірлі додаға имамдар, мешіт қызметкерлері, ұстаздар мен жамағаттан құралған 32 команда қатысты. Іс-шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл ашып, топтарға сәттілік тілеп, бұл спорттық сайыстың басты мақсаты - өзара ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру деп атап өтті. Ал ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев қатысушыларға демеу сөздерін жолдады.  

Бірінен-бірі оза жарысқан футболшыларды бағалайтын әділқазы алқасында арнайы мамандар болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Талас ауданы қанжығасына байласа, 2 орын Т.Рысқұлов ауданына бұйырды, ал 3 орынды Меркі ауданы иеленді. Жеңімпаздар кубок, медаль тағып, грамота мен ақшалай сыйлықтар алды. 1 орынға 30000 теңге, 2 орынға 20000 теңге, 3 орынға 10000 теңге қаржылай  жүлде берілді.

Осындай үлкен іс-шараны атқарып, ойын жүргізу үшін  алаңмен қамтамасыз еткен "Локомотив" стадионының ұжымына өкілдік атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру