ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен, Ақтау қаласынан жиырма шақырым қашықтықта орналасқан «Қошқар-ата» мемлекеттік қорымына сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мешіт пен қала тазалығына ғана емес, тарихи орындардың да тазалығына мән беретін жамағат, бүгінгі сенбілік жұмыстарында қорымның ауласын қоқыстардан тазалап, айналасын ретке келтірді.
Сенбілікке бір үйдің баласындай ұйымдаса қатысқан «Бекет-ата», 13-ші қалалық мешіт, Ақшұқыр және Телман ауылдық мешіттерінің жамағаты, тарихи ескерткіштердің тазалығына барша адам жанашырлықпен қараса екен деген ізгі тілектерін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
29.04.2019
3875
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру