Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетіне Мысыр елінің Қазақстандағы ресми өкілдері келді

nmu.kz 27.04.2019 3490 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетіне Мысыр елінің Қазақстандағы ресми өкілдері  келді

Нұр-Мүбарак университетіне Қазақстандағы Египет Араб республикасының төтенше және өкілетті елшісінің міндетін атқарушы Абдулхами Рофиғи бастаған делегация арнайы ат басын тіреді.

Абдулхамид Рофиғи мырзаның Нұр-Мүбарак университетіне алғаш рет келуі. Сондай-ақ қонақтар құрамында Мысыр елшілігінің Алматыдағы Мысыр мәдениеті мен білім ісі жөніндегі орталық директоры доктор Ранда Махмуд Ризк келді. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндидің арнайы қабылдауынан кейін университет ұжымы, шәкірттермен кездесу қасиетті Құранмен басталды. Екі ел әнұраны қойылған ресми кездесуде алғашқы сөз студент Шыңғыс Садуевке берілді. Ол мәртебелі қонақтарға араб тілінде алып жатқан білімі, тәлім-тәрбисі жайлы айта келе алғысын білдірді. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат Нұр-Мүбарак университетінің екі ел арасындағы маңыздылығын ғана емес,Орта Азиядағы ислам ғылымын дамытудағы орнына тоқтала келе:

Мен Қазақстанда ашылған Нұр-Мүбарак университеті жайлы естісем де, осыншалықты үлкен, ауқымды екендігін енді көзбен көріп жатырмын. Өздеріңізбен жүздесіп, сөйлесіп, көңіліме сондай қуаныш ұялады. Бұл екі ел арасындағы тығыз байланыс, бауырластықтың белгісі әрі кепіліне айналған университет, — деп жүрекжарды лебізін бідірді.

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев құрметті қонақтарға ризашылығын білдіріп, университеттің болашақ жоспарларына да қысқаша тоқталып өтті. Салтанатты жиыннан кейін  Нұр-Мүбарак университеті мен Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім орталығы әріптестік келісімшартқа қол қойды. Осы келісімшарт негізінде қос тарап түрлі іс-шаралар мен жобаларды бірлесе атқармақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру