Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Наиб мүфти қайырымдылық шарасына қатысты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.04.2019 2671 0 пікір
Қостанай: Наиб мүфти қайырымдылық шарасына қатысты

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігі мешіт демеушілерінің қолдауымен 30 отбасына қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл шараға қатысқандар көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұлар негізгілері болды. Оларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік салынған пакет ұсынылды.

Жиналғандарға «Шараның негізгі мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға демеу болу және олардың дұғасын алу»,-деді ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы. Сонымен қатар демеушілерге де алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Жалпы мұндай игілікті шаралар облыстық мешітте әр айда 30-50 жанұяға жасалып тұрады. Оған ұйытқы болатын демеушілер және Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру