Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Президент: Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет

kazislam.kz 23.04.2019 2951 0 пікір
Президент: Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Шри-Ланкада 160 адамның өмірін қиған бірнеше жарылысқа байланысты көңіл айтты.

«Шри-Ланкада сұмдық жағдай. Мемлекеттегі қонақ үйлер мен шіркеулер де болған жарылыс салдарынан 160-тан аса адам қаза болды, жарақат алғандар өте көп. Олардың туыстарына көңіл айтамын. Терроризмнің шекарасы жоқ. Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет», — деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасына.

Еске сала кетейік, кеше Шри-Ланкада қонақ үйлер мен католиктік шіркеулер де жарылыс болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру