ҚМДБ-ның Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарының кезекті басқосуы болып, қасиетті Рамазан айында атқаратын іс-шараларының жоспарын бекітті. Кезекті жиналыста өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ың өкілдіктің 2019 жыл шыққалы атқарған іс-қызметтері, жеткен жетістіктер мен нәтижелерді, кейбір кемшіліктерді тілге тиек етіп, алда кезек күтіп тұрған шараларға тоқталды.
Сонымен қатар өкіл имам ҚМДБ-нан биылғы Рамазан айында мешіттер тарапынан атқаратын іс-шаралар туралы келген нұсқау хатты таныстырып, Рамазан айы туралы билборд, баннер, плакаттар, бүктеме-парақшалар, кітапшалар даярлау, халыққа айтылатын уағыз-насихаттар, Рамазан айында тарауих намазын жүргізетін қарилар, берілетін ауызашарлар, оған міндетті түрде қамтылатын әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері, Қадір түні құрметіне арналған шара, «Нұр Мүбарак» университетіне және медреселерге шәкірттер даярлау, мешіттер жүргізілетін мектеп балаларына арналған жазғы діни сауат ашу курстары қатарлы көптеген мәселелерді қала, аудан имамдарымен жан-жақты талқылады. Соның ішінде Зекет мәселесіне тағы да ерекше тоқталды.
Ең бастысы осы жолғы жиналыста Павлодарлық қала, аудан мешіті имамдары жақсылықта жарысуға өзара бәсеке-бәйге жүргізуге пәтуаласты. Ол үшін: 1-де: «Нұр Мүбарак» университеті және «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне даярлаған шәкірт санымен; 2-де: аса мұқтаж болған отбасымен жеке адамдарға мешіт жамағаты, демеушілер арқылы азық-түлік, қажетті тұрмыстық бұйымдар арқылы қайырымдылық жасау, оларды толығымен қамтамасыз ету; 3-де: әрбір имам қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтыған 1,5- 3 беттік, қысқа да нұсқа мақалалар жазып (1 айда 2-ден төмен емес) «Мазһаб.кз» порталына тапсыру, сонымен қатар аудан имамдары аталмыш порталға Рамазан айы қарсаңында міндетті түрде 2-3 діни-танымдық мақалалар жазу, 4-де: мешіттерін көріктендіру; 5-де: ауызашарлар көптеп ұйымдастырып неғұрлы мұқтаж жандарды қамту.
Имамдар үшін тағы бір негізгі жұмыс облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесін медресе-колледж стандартына сай болдыру үшін дене шынықтыру-спорт залын салуға демеуші тартып, қомақты үлес қоса білу міндеті де тұр. Сондықтан Рамазан айында сауабы еселеніп жазылатын Зекет берекесі көп насихатталуы қажет.
Қасиетті айдың құрметі үшін өз өңірлерінде азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастыру, тойлар ішімдіксіз өткізілу, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмеуіне ерекше назарда ұстау туралы да сөз болды. Сонымен қатар, көпшілік жұртқа оразаның әр күнінде бір жақсылық жасауды жоспарлап, осынау сауапты амалдарды ықыласпен орындауға, Алланың әрдайым бізге үздіксіз нәсіп ететін нығметтерінен садақа беруге шақырды.
Жиналыста осының бәрі жүйелі түрде айтылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
19.04.2019
3355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру