Түркістанда рухани жаңғыру аясында осындай тақырыпта өңірлік конференция өтті. Келелі кеңеске ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев, "Нұр-мүбәрак" университетінің ректоры мен проректоры, теолог-ғалымдар мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысының өкілдері мен аудан-қала имамдары қатысты.
Дін исламды берік ұстанған бабаларымыздың бай мұрасын жаңғырту, қатесіз қалпында халыққа жеткізу, ол үшін тарих зерттеуші арнайы ғылыми кадрлар даярлау жайы талқыға түсті. Сондай-ақ, жат ағымдармен күресте және жұртшылықты сенімнен адасудан сақтандыруда негізге алынуы тиіс шариғат шарттары ескертілді. Облыс имамдарына дін мен дәстүр сабақтастығы турасында дәрістер өткізілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
18.04.2019
3232
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру