Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда VIII Республикалық  Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері 17.04.2019 3156 0 пікір
Маңғыстауда VIII Республикалық  Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

 

Бүгін Маңғыстау облысы орталық мешітінде 30, 20 және 10 параны  жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII Республикалық  Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Әділ қазы алқалары болған Акса Юнус, Асқар Ахледдин,  Ілиясов Нұрғиса ұстаздарымыз қарилардың  Құранды жатқа айтуына, тажуидпен көркем, қатесіз оқуына аса мән беріп, жеңімпаздарды әділ тағайындады.

Жарыс қортындысы бойынша 30 парадан бас жүлдені  Сашотаев Сақи жеңіп алса, 20 пара бойынша Мыңжасаров Арыстан, 10 пара бойынша  Ізгілік Омар жеңіп алды. Қарилар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастыруымен 26-28 сәуір күндері Алматы қаласында өтетін  VIII Республикалық  Құран жарысына жолдама алды.

Жеңімпаздарды өкіл имам С.Сейтбеков құттықтап, жолдамаларын табыстап, алда өтетін Құран жарысында сәттілік тіледі.

Жарыс соңында мешітіміздің ақсақалы  Лепес қажы қариларға бата беріп, жылы лебізін білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру