Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиналыста «Діни Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға дайындық жұмыстары талқыланып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, 10-12 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін айтулы шара аясында көршілес Ресей елінің, Орта Азия мемлекеттерінің мұсылман ғалымдары, дін көшбасшылары бас қосатын болмақ. Үш күнге созылатын Халықаралық конференцияның жұмыс жоспарында бірнеше іргелі іс-шара көзделген. Елордамыздағы 10 құлшылық ордасының бас имамдары мен «Астана» медресе-колледжінің басшылығы қатысқан бүгінгі жиналыста жоспарға сәйкес тапсырмалар беріліп, жауапты қызметкерлер бекітілді.
ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ғимаратында өтетін Халықаралық жиынның маңыздылығын атап өткен Наурызбай қажы Тағанұлы барша қызметкерлерді аянбай қызмет жасауға шақырды. Халықаралық деңгейдегі конференция жұмысының ойдағыдай өтуі тек ҚМДБ-ның ғана емес, еліміздің де абырой-беделін биіктете түсетінін ескерте кетті.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
03.04.2019
3172
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру