Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіті жанынан құралған команда ашық турнирге қатысты

www.islam-atyrau.kz 01.04.2019 3164 0 пікір
Атырау: Мешіті жанынан құралған команда ашық турнирге қатысты

Атырауда волейбол саласының ардагері Назаров Бисенбай Айтқалиұлын еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті. Барлығы он екі команда бақ сынасқан турнирге орталық "Иманғали" мешітінің жамағаттарынан құралған команда да қатысты.

Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашық турнирдің ашылуы кезінде Бас имам адам баласы жақсы іс істесе, кейінгілер оны жалғастырса, ол шариғатымызда құпталған іс екендігін атап өтті. 

"Кезінде халықаралық деңгейде ойын көрсеткен Бисенбай Айтқалиұлы волейбол саласының тәлімгер ұстазы. Денсаулықтың кепілі ол спорт. Денсаулығымызды спортпен ұстап тұру - ол құпталатын іс",- деді Бас имам Батыржан Берденұлы.

Волейбол ойыны аясында қатысушы командаларға Атырау облысының бас мешіті атынан арнайы сыйлықтар үлестірілді. 

Айта кетелік, ашық турнир барысында орталық "Иманғали" мешіті жанынан ойын көрсеткен команда финалдық кезеңге жолдама алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру