Ұшақ апатынан қаза болған әскерилердің рухына Құран бағышталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
"Нұр Астана" мешітінде жұма намазынан кейін ұшақ апатынан қайтыс болған әскерилердің рухына арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды. Отанын қорғау - әрбір мұсылманның қастері де, даңқты борышы ғана емес, асыл құлшылығы. Отанды күзеткен қорғаған көздің тозаққа жанбайтыны жайлы хадисте айтылса, Отан қорғау жолында қайтыс болушы шейт саналып, жәннаттық болатыны айтылады. Күні кеше ғана қатерлі қызмет жолында шейт болған марқұмдардың рухына жасалған дұғаға жиналғн жамағат қол жайып марқұмдарға Алладан рахым тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ummet.kz
30.03.2019
3668
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру