Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жастарға жат ағым жайлы ақпар берілді

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 27.03.2019 3135 0 пікір
БҚО: Жастарға жат ағым жайлы ақпар берілді

Жақында облыстық жастар шығармашылық орталығында «Діни экстремизм мен терроризмнің елімізге төндіретін қауіпі» атты тақырыбында кездесу өтті.

Атылмыш шараға Орал орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбеков, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, мектеп оқушылары мен мұғалімдер, дін мамандары қатысты.

Кездесу барысында Асхат Асылбекұлы сөз алып, діндегі кейбір теріс ағымдар туралы баяндап, дәстүрлі дініміз туралы түсінік берді. Жастардың теріс ағымға алданып қалмауы керектігі, жат діни ағымдардың жақсылыққа апармайтындығын жеткізді.

Жастарға қажетті түсінік-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде діни экстремизге қарсы тұру, дәстүрлі дінімізді олардан ажырата білу, өзге діндер туралы жазылған кітаптарды таратып жүрген адамдардың уағыздарын тыңдамау керектігі жөнінде түсінік берілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру