Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам орынбасары Шымкент медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты

 Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 27.03.2019 3402 0 пікір
Өкіл имам орынбасары Шымкент медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров Шымкент медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Шымкент медресе колледжінің 2019 жылы бітіретін түлектерімен кездесіп, оларға Діни басқарманың сан салалы жұмыстары мен дін саласындағы қызметтің мән-маңызына айрықша тоқталды.

Сондай-ақ, медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың басшығымен қолға алынып отырған жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, медресе аумағында шағын футбол алаңының құрылысы және шәкірттерге арналған асхана құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысындар алдағы мамыр айында толық пайдалануға беріледі.

Мұнымен қатар, медресе колледжінің 3 тоннаға жуық ет сақтайтын тоңазтқыш қоймасы толық пайланауға берілді.

Жалпы, медресе колледжінің жыл сайын әлеуеті мен білім беру сапасы артып келеді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру