Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров жергілікті телеарнада көрермен сауалдарына жауап берді (+ВИДЕО)

www.islam-atyrau.kz 26.03.2019 5159 0 пікір
Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров жергілікті телеарнада көрермен сауалдарына жауап берді (+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Атырау қалалық "Caspian news" телеарнасына сұхбат берді.

Телеарнаның "Имам уақыты" бағдарламасына көрермендерден келіп түскен сауалдарға жауап берген ұстаз Батыржан Берденұлы мешітке кіру тәртібі, исламның құндылықтары, жат ағымнан сақтану жолдары хақында әңгімеледі.

"Мәселен, жер бетіндегі ең қасиетті орын - бұл Алланың үйі. Себебі, Алланың үйінде отырып жасалған дұға қабыл болады. Алайда, мешітке келудің өзіндік тәртібін сақтаған абзал. Ең алдымен, мұсылман баласы мешітке дәретпен келуі міндет. Мешітке кірерде дұға жасап, табалдырықтан оң аяғымен аттап, шығарда сол аяғымен шығуы қажет. Құлшылық жасаушы өзгеге кедергі жасамайтындай етіп, әдеп сақтағаны абзал. Дәретпен келіп, дұғада болған адамға сол мұсылман үшін дұға ету үшін екі періште тағайындалады. Ең бастысы, кіршіксіз ниет болуы қажет",- деп атап өтті ұстаз Батыржан Берденұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру