Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: «Науан хазірет» мешіті жаңа маманмен толықты

Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.03.2019 3737 0 пікір
Ақмола: «Науан хазірет» мешіті жаңа маманмен толықты

Облыс имамы Қуаныш Сәбит жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығымен тағайындалған наиб имам Диас Байжігітовты таныстырды. Бірнеше тілді білетін, оның ішінде орыс, ағылшын және араб тілдеріне жетік білікті маманның өңірдегі өзекті мәселе — әртүрлі ағымдармен күресуге барынша назар аударатынын атап өтті. 

Жаңа наиб имамның өміржолына үңіліп көрдік, осы жылдар ішінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шығыстану» факультетін, Египет Араб республикасындағы Каир қаласының «Ніл» араб тілі орталығын үздік бітірген екен. 
Атақты «Әл — Азһар» университетіне қарасты институтты және «Нұр Мүбарак» Египет ислам университетінің магистратурасын тәмамдап, біраз мешіттерде қызмет атқарды, Соңғы жылдары біздің облысымыздың Целиноград ауданына қарасты іргелі елді мекендердегі мешіттерде наиб және бас имам болып істеді. 

Өкіл имам мешіттің діни кадрлық құрамын толықтырған Диас Байжігітовке облыстық діни орталықтағы жаңа қызметіне табыс тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру