Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Түркия елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі облыстық мешітке келді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 19.03.2019 3674 0 пікір
Маңғыстау: Түркия елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі облыстық мешітке келді

Ақтау қаласына Астанадағы Түркия елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын мырза  арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Маңғыстау облысының  өкіл имамы С.Сейтбековпен кездесті.

Дін істері жөніндегі кеңесшісі Маңғыстау облыстық орталық мешітін зиярат етіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Түркия Дін істері фонды тарапынан  қазақ тілінде аударылып бастырылған «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан жамандық және қасірет», «Қазіргі сенім мәселелері» атты бірнеше кітапты орталық мешіт кітапханасына сыйға тартты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітте келісім шартпен ұстаздық қызмет етіп жатқан Ахмет Акчаның жұмыс барысымен танысып, мешіт қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру