Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда футболдан жарыс өтті

Қарағанды облысы баспасөз қызметі 18.03.2019 2949 0 пікір
Қарағандыда футболдан жарыс өтті

Қарағанды облысы бойынша «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен өнерлі жастар арасында футбол ойынынан жарыс болып өтті. Қарағанды қаласындағы «Еңбек» спорт комплексінде өткен спорттық жарысқа дін қызметкерлері, шәкірттер, ақын, асабалар, кәсіпкерлер мен балуандарды қосқанда он команда қатысты. Айтулы жарыс «Бірлік кубогы» атауымен жүзеге асты. Жарыстың құрметті қонағы ретінде Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа, «Әл Машани» мешітінің бас имамы «Балақажы» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, «Балақажы» мешітінің  бас имамы Нұров Махмұд Нұлұлы қатысып, қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Ойын соңында ақ дастархан жайылып, ас берілді. Келген қатысушылар мен көрермендерге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа Құран оқып, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру