Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Әйелдер арасында облыстық Құран жарысы өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.03.2019 2860 0 пікір
Қызылорда: Әйелдер арасында облыстық Құран жарысы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде әйел шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық жарыс өтті.

ҚМДБ-ның облыстағы Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы жылдан жылға әйел жамағатының арасында Құран жаттаушылардың саны артып келе жатқанын жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Облыс мешіттерінен жиналған 25-ке жуық үміткер Құран Кәрімнің 1 парасын, Фәджр мен Нас сүрелері аралығын және Ясин сүресін жатқа оқудан сынға түсті. Бәйгеде төрелік еткен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуов пен ұстаз, қари М.Абжалеловтың бағалауына сәйкес:

«Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Мұхаммедқали Б.

ІІ-орын Жақсылыққызы Б.

ІІІ орын Ашықбаева П.

«Құран Кәрімнің Фәджр мен Нас сүрелерінің аралығын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Шамшаева М.

ІІ-орын Фархадқызы С. 

ІІІ-орын Еркінқызы Х.

«Құран Кәрімнің Ясин сүресін жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Жасағанбергенова Ә.

ІІ-орын Рахимова Ф.

ІІІ-орын Баекешова И.

иеленіп, жүйрік деп танылған жеңімпаздар жарыстың қаржылай жүлделерін қанжығаларына байлады. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру