Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Әйел жамағатына мотивациялық тренинг өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.03.2019 3163 0 пікір
Қызылорда: Әйел жамағатына мотивациялық тренинг өтті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Мен және менің құндылықтарым» тақырыбында әйел жамағатына арналған семинар-тренинг өтті.

Қала мешіттерінің әйел жамағаттары қатысқан семинар-тренингте ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, Облыстық жастар денсаулығы орталығы Әлеуметтік психология кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, психолог маман Ж.Бижанова, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Сақтағановалар «Мен және менің құндылықтарым», «Өзіңді бағалай біл» тақырыптарында баяндама жасап, бейнекөрсетілімдер көрсетілді.

Психологиялық-мотивациялық форматта өткен тренингте түрлі жағдаяттарға негізделген сұрақтар қойылып, психологиялық ойындар ойындар ойнатылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру