ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы облысымыздың шалғайда орналасқан Сексеуіл кентіне арнайы сапармен барды.
Өкіл имамның Қазалы ауданына жасаған сапары Арал аудандық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатымен кездесуге ұласты. Бұдан кейін, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентіне жасалған сапар барысында мектеп оқушыларымен кездесіп, «білім алудың маңыздылығы», «ата-ананың разылығы», «ұстазға құрмет», «мейірімділік» тақырыптарында насихат айтып, ағалық ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қасиетті жұма күні жергілікті мешітке жиылған жамағатқа «Ас ішу әдебі» тақырыбында айтылған жұма уағызынан соң, "Отанға махаббат", "Дін ұстанудағы даналық", "жат ағым зардабы" тақырыптарында насихат айтты. Жұма намазынан соң жамағат болып Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.03.2019
3121
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру