Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенттері ислам банкингімен танысты

Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі   15.03.2019 2571 0 пікір
Нұр-Мүбарак студенттері ислам банкингімен танысты

Елімізде 5 ислам қаржы орталығының ішінде көпшілікке таныла бастаған  «әл-Хилял» банкінің Қазыналық департаментінің директоры Әділет Алиев Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен кездесті. Кездесуде ислам банкингі жайлы жан-жақты түсіндірілді:

Ислам банкингінің әлемде ең сенімді қаржы орталықтарына айналуына ислам банктерінің кез келген тәуекелге бел бумас бұрын, жіті ойланып барып қадам жасауында. Тұтынушылық несиелер арқылы кез келген қарапайым адамды қарызға байлап қою діни тұрғыдан дұрыс емес. Яғни ислам банктері қаржыны «пайда табу» емес, «көмектесу» мақсатында беретінін ескеру керек,- деді «Әл-Хилял» банкі департаментінің директоры Әділет Шамилұлы.

Университеттің оқытушысы, Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау  институтының директоры, докторант Асқар Сабдин бұл кездесудің исламтану саласының түлектері үшін өте қажет болуына сай ұйымдастырылғанын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру