Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Жастар - дінді жырлайды»

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.03.2019 2799 0 пікір
Қызылорда: «Жастар - дінді жырлайды»

Кеше Қазалы ауданы, Ү.Түктібаев ауылдық «Орынбет ишан» мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар жылына» орай, «Жастар – дінді жырлайды» атты жас ақындар айтысы өткізілді.

Аламан айтысқа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Б.Абуов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков және де ауданның белді азаматтары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Айтыста Қазалы ауданының ауылдарынан және Тереңөзек кентінен жиылған 12 ақын 6 жұп болып бақ сынасты. ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, жас ақын Ақжол Түменбай, сазгер Жібекәлі Бектұрғанның төрағалық етуімен өткен бәйгенің қорытындысы бойынша, Қожабақы ауылының 11-сынып оқушысы А.Тоқтарбек Бас жүлдеге лайықты деп танылса, Майдакөл ауылының 11-сынып оқушысы Ә.Бекзат, 10-сынып оқушысы С.Бекзат, 7-сынып оқушысы Е.Өміртай сәйкесінше І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, айтыстың ең жас ақыны ретінде «Көрермен көзайымы» бағамына ие болған 5-сынып оқушысы Ж.Серіковке қаржылай сый-сыяпат табыс етілді. Қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Айтыс соңында Үрмаш Түктібаев ауылдық мешіті мен жамағаттарының ұйымдастыруымен көзі көрмейтін ауыл тұрғынының еміне 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру