Үстіміздегі жылдың ақпан айының 27-сі мен наурыздың 01 аралығында Әулиекөл ауданының «Әмит ишан» мешітінің ұйымдастыруымен Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Сейдағалиев Нұрлан Жұмабекұлы арнайы іссаппармен келіп, осы аймақтағы жат ағымда жүрген азаматтармен кездесу жүргізді.
Апталық жұмыс барысында «Ақида», «Фиқһ» пәндерінен дәріс өткізді. Бірқатар мектеп ошақтарында да «Ата-аналар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас», «Өзіне-өзі қол жұмсау», «Жат ағымның зардабы» деген тақырыптар аясында іс шаралар ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған маңызы зор игі шарада Нұрлан Жұмабекұлы оқушыларға да бағыт бағдар беретін насихат айтып, отбасы – дініміздегі баға жетпес құндылықтар, ата-ананы құрметтегендей, ұстаздарды да құрметтеудің маңызы жайлы сөз сөйледі.
Шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар ала отырып, өз ойларын да ортаға салды. Мектеп басшылығы келген қонақтарға алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
13.03.2019
2904
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру