Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда мешіт жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті

www.islam-atyrau.kz 12.03.2019 2877 0 пікір
Атырауда мешіт жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті

Мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырауда мешіттің жастар жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті.

Атырау қаласына қарасты жеті мешіт жамағаттары және «Иманғали» орталық мешітіне қарасты медресе шәкірттері қатысқан спорт бәсекесінде 20 – 30 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынасты.

Тартысты өткен бәсекеде бірінші орын орталық «Иманғали» мешітінің командасына бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Қызылбалық мешіті мен Мәулімберген мешіті командалары өзара бөлісті.

Айта кетелік, спорттық бәсеке жастар жылына орайластырылып ұйымдастырып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша Жастар секторының бастамасымен өткізілген шара кезінде Мақсат Өтепқалиев, Айтқали Жарылғап, Нұрмахан Қаршығаев және Аян Қайырлиев есімді ойыншылар үздік деп танылып, арнайы түрде марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру