Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен көктем мерекелеріне орай «Әжелер байқауы» болып өтті. Мешіттің әйел жамағаты мен арнайы шақырылған қонақтар «Tashim» мейрамханасындағы қазақи ою-өрнектермен нақышталған киіз үйге жиналды. Дін мен дәстүр сабақтастығына арналған шара барысында әжелер ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар бойынша білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті.
Сайыс барысында келін түсіру, беташар, сәлем ету, сыңсу сынды қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Әжелер жастарға бата беріп, жарысқазан, сәлем ету және жеті шелпек тарату ырымдарының мәнісін түсіндірді. Сондай-ақ, ұршық иіріп, өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын көрсетті.
Шара соңында барлық әжелерге Ақтау қалалық Бекет ата мешіті атынан сыйлықтар тапсырылып, мерекелік дастархан жайылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
11.03.2019
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру