Жұмамен қатар келген қасиетті үш айдың бірі Ережеп айының құрметіне орай аналарға құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шара барысында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жұма намазын оқуға келген әйел жамағатына Қасиетті айларда ахыреттік азық болар сауапқа кенелудің тиімділігі туралы уағыз айтылып, насихат жасалды.
Шараға қатысқан Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Ережеп айының қасиетіне тоқталып, өкілдік тарапынан дайындалған сыйлықтарды табыстады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.03.2019
2884
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру