Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің мәжіліс залында қала имамдарының кезекті мәжілісі ұйымдастырылды. Мәжіліске Шымкент қаласы бойынша өкіл имамның орынбасары Ахметжан Керімбек төрағалық етті.
Мәжіліс барысында өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров алдағы наурыз-сәуір айында төрт бағыт бойынша атқарылатын негізгі жұмыс жоспарын таныстырды.
Оның ішінде рухани іс-шаралар мен қоғамдық көпшілік шаралар туралы, «Зиярат-туризм» мәселелері, зиярат орындарының тазылығы мен абаттандыру, имамдардың діни біліктіліген арналған шаралар өткізу, қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың алдын алу.
Сондай-ақ, басқосу аясында Қазақстан мен Өзбекстан діни басқармасының төрағаларының өткен жылы Ташкенттегі кездесуінде бекіткен екі жақты қарым-қатынасты аясында түрлі деңгейдегі шаралар мен зиярат-туризм мәселелері қолға алынады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.03.2019
2765
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру