Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Университет басшылығы жаңадан тағайындалған қос министрді құттықтады

www.nmu.kz 06.03.2019 3893 0 пікір
Университет басшылығы жаңадан тағайындалған қос министрді құттықтады

Нұр-Мүбарак унивеситетінде Ғылыми кеңес басқосуы ұйымдастырылып, ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди мырза Үкіметтегі өзгерістерге сай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылып, тізгініне келген Дәурен Абаев мырзаға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Шәмшидинова Күләш ханымға шын жүректен құттықтау білдіріп, сәттілік тіледі.

«Үкіметтегі  өзгерістер мен тағайындаулар  бізге де қатысты. Сондықтан біз де жаңа бастамалар мен тың серпіндердің болатынына сенім артып, елімізге білімді де білікті дін мамандарын даярлауда қашанда күш-жігерімізді жұмсай береміз»,-деп ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди ғылыми кеңесте өз сенімін білдірді.

Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаев жаңа министрлерге университет басшылығы атынан құттықтау жжолданғанын хабарлады. Сондай-ақ  ғылыми кеңесте алдағы сәуір айында университетте ұйымдастырылатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәселелесі жан-жақты талқыланды. Ел болашағына жастардың қосар үлесі жайлы халықаралық жиынға қос елдің, яғни ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пен Египет Араб Республикасы Уақыфтар министрі Мухаммед Жұма мырзалар келеді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру