Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақсайда «Берекелі жамағат» еріктілер қоры құрылды

Бөрлі аудандық баспасөз қызметі 05.03.2019 2819 0 пікір
БҚО: Ақсайда «Берекелі жамағат» еріктілер қоры құрылды

«Мейірімді көктем» жобасын қолдау, мейірімділік пен қамқорлықты еселей түсіп, жамағатты жақсылыққа ұйыстыру мақсатында Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешіті имамдарының ұйымдастыруымен «Берекелі жамағат» еріктілер қоры құрылды.

Аталмыш қор алғашқы көмегін алғыс айту мерекесінде Бөрлі және Қанай ауылдарында тұратын көмекке мұқтаж он отбасыға азық-түлік жеткізіп беруден бастады.

Жамағаттың атынан ашылған арнайы қорға әр адам өзінің шама-шарқы жеткенше ақша салады. Жиналған қаржыға әр аптаның жұма күні Жұма намазынан кейін шалғай ауылдық округтерде жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін  отбасыларға азық-түлік таратылады,-деді бас имам Қанат Жакенов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру