ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастырылуымен «Жастар жылы» құрметіне орай «Рамазан аруы» бәйгесінің бірінші кезең іріктеу жарысы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Түркістан-1» аудандық орталық мешіті және Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы «Сарыағаш» қыздар медресе колледжінде өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- Алланың сөзі Құран Кәрімге деген сүйіспеншілікті арттыру және ата-ананы құрметтеуді насихаттау болып отыр.
Ұлағатты іс-шараға жалпы 102 қызбала қатысып, сұрақтар жиынтығы қасиетті Құран Кәрімнің қазақша нұсқасы негінде құралып, алғашқы іріктеу тестілеу онлайн және офлайн форматында өтті. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы келіп, іріктеу жарысына қатысқан қызбалалар қауымына сәттілік және жоғары нәтиже тіледі. Алғашқы тестілеу кезеңінде жоғары ұпай жинаған 15 үміткер екінші кезеңге жолдама алды. «Рамазан аруы» бәйгесінде жеңіске жеткен жеңіпаздарға умра қажылық жолдамасы табысталады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
04.03.2019
4143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру