ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала мешіттерінің шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы өтті.
Құран жаттауға ден қойып жүрген шәкірттерді ынталандыру мақсатында өткізілген шараны алғы сөзімен ашып берген ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, сөз соңында бірқатар жанашыр азаматтарға өкілдік тарапынан дайындалған сыйлықтарды тарту етті.
Қала мешіттерінен жиналған 40-тан аса үміткер Құран Кәрімнің 3 парасын, 1 парасын және Ясин мен Мүлік сүрелерін жатқа оқудан сынға түсті. Шын мықтының бабы мен бағы қатар сыналатын бәйгеде төрелік еткен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуов пен ұстаз, қари М.Абжалеловтың ережеге сәйкес бағалауы бойынша:
«Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Мұқамбетқали Қайрат (50 000 тг)
ІІ-орын Сауырбеков Очеледдин (30 000 тг)
ІІІ орын Баймурзаев Ануар (20 000 тг)
«Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Айтуаров Нұрбек (30 000 тг)
ІІ-орын Жарқынбекұлы Бақберген(20 000 тг)
ІІІ-орын Мұқамбетқали Дамир (15 000 тг)
«Құран Кәрімнің Ясин және Мүлік сүрелерін жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Есқұлов Алтынбек (20 000 тг)
ІІ-орын Мұхаммеджанұлы Бақытжан (15 000 тг)
ІІІ-орын Аюбай Нұрмұхаммед (10 000 тг)
иеленіп, жүйрік деп танылған жеңімпаздар жарыстың қаржылай жүлделерін қанжығаларына байлады. Сонымен орын алмаса да, көрермен көзайымы атанған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары және барлығына алғыс хаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
04.03.2019
2717
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру