Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Мешіт жамағаты арасында білім сайыс өтті

Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі 04.03.2019 2828 0 пікір
Талдықорған: Мешіт жамағаты арасында білім сайыс өтті

Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе» атты білім сайсы өтті. Сайыстың мақсаты – мешітке келетін жамағатқа дұрыс сенімді насихаттай отырып, жат ағымның жетегінде кетуден сақтандыру.

Шараға қатысқан бас имам Данағулов Алмас жамағатқа сайыстың мәні мен маңызына тоқталып, сәттілік тіледі. Ал, жарысқа қатысқан жамағат сегіз топқа бөлініп компьютер арқылы «Ақида, фиқһ, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен» тест сұрақтарына жауап берді. Онымен қоса көрермен болып отырған жамағаттарға ауызша бейнетақта (проектор) арқылы сұрақтар қойылып, үздік жауап бергендер топ мүшелері және белсенді танытқан жамағат сый-сияпаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру