Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Бірлігі жарасқан жамағат" атты рухани сұхбат өтті

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.03.2019 2756 0 пікір
"Бірлігі жарасқан жамағат" атты рухани сұхбат өтті

Ақтөбе облысының орталық "Нұр-Ғасыр" мешітінде әр айдың соңғы бейсенбісінің кешінде дәстүрлі түрде әдетке айналған рухани сұхбат өтті. Бұл рухани кеште "Нұр -Ғасыр"мешітінің бас имамы Т.Д.Оспан "Қызғаншақтық – жақсылықтарды жеп тауысады" тақырыбында мешіт жамағатына уағыз айтты. Ақшам намазынан соң мешіт асханасына жайғасқан жамағат әдеттегідей имамның уағызын ұйып тыңдап, дастархандағы дәмнен ауыз тиіп отырды.

Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өз сөзінде: «Көреалмаушылықтан сақтаныңдар. Оттың ағашты жағып бітіргені сияқты көреалмаушылық, іштарлық адамның сауаптарын жеп тауысады» деген. Іштарлық індетін жеңудің жолы қандай? Көреалмаушылық кесірінен қалай құтылуға болады? Әрине, бұл дерттің емі тақуалық, жүрегімізге имандылықты орнықтыру керектігін өкіл имам жамағатқа түсіндіріп берді.

Естеріңізге сала кетер болсақ, әр айдың соңғы бейсенбісі ақшам намазынан кейін «Бірлігі жарасқан жамағат» атты айлық рухани отырыс болатын хабарлаймыз. Келіңіздер, жақсылықтан қапы қалмаңыздар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру