Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Көктемнің алғашқы жұмасына тұспа-тұс келген алғыс айту күні

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.03.2019 3642 0 пікір
Ақтөбе: Көктемнің алғашқы жұмасына тұспа-тұс келген алғыс айту күні

Қасиетті жұма күніне сәйкес келген, көктемнің алғашқы күнінің өз жақсылығы еселене түсті. Бұл күн, яғни 1-наурыз елімізде "Алғыс айту" күні ретінде бекітілген. Осы айтулы күнге орай, орталық мешітімізде жұма намазынан кейін ізгі шаралар орын алды. Атап айтқанда, мешіт жамағатының қарияларына сый-сыяпаттар берілді. Ақсақалдарға қазақы тақиялар, ақжаулықты әжелерімізге әдемі орамалдар үйлестірілді.  Бұл шара өз негізінде біздің асыл дінімізбен қазақы салт-дәстүріміздің тоғысқан тұсын көрсетеді. Қашанда алғыс айтып жүру мен өзгенің алғысын алу адамзатты тек жаксылыққа жетелейтіні белгілі. Осы тұрғыда дініміз де, дәстүріміз де ең бірінші үлкеннің алғысын алуды қолдайды. Бұл күнгі шараның да мақсаты үлкендерге алғыс білдіріп, көңілдеріне қуаныш ұялату.

1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын

Бұл ізгі іс қаламыздың барлық мешіттерінде де өз жалғасын тапты. Алғыс айту барысында халқымыздың амандығын жаратқаннан тілеп жүрген мешіттің ақсақалдарына, елдің тыныштығын күзетіп жүрген «Ішкі істер басқармасының» ұжымдарын, Өрт сөндірушілер ұжымын, халықтың денсаулығына қызмет көрсетіп жүрген емханаларға және «Жедел жәрдем» ұжымдарын, «Қазақстан Темір Жолы» ұжымын, «Ақтөбе таза қала», үйдегі зейнеттегі қарттарға, мешіт келушілеріне, көп балалы аналарға,  такси жүргізушілеріне және МАИ ұжымдарына шексіз алғысын айтты. Сонымен қатар аудандық мешіттерде осы күнге орай қайырымдылық дастарханы жайылды. Дін қызметкерлері де халықтың батасын алып қайтты.

Жалпы адам баласы алғыс айтуды, әуелі жаратқан Алладан бастап, әр күніне, жанына жақын адамдарына айтып жүруді әдетке айналдырғаны абзал. Үнемі Аллаға деген алғыс, шүкіршілікке алып келетіні хақ. Ал шүкіршілік адам баласының иманын толықтырудың бір кепілі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру