Шәкірттерге дұрыс сенімді насихаттай отырып, жат ағымның жетегінде кетуден сақтандыру, жат ағымның алдын алу мақсатында «Нұр Астана» мешітінің шәкірттері арасында имам Тахауидың «Таным тұғыры» кітабынан, екі кезеңнен тұратын «Сеніміңе селкеу түспесін» атты білім сайысының ақтық бәсекесі өтті.
Шараның басталуында сөз алған бас имам Асқар Мұқанов шәкірттерге сайыстың мәні мен маңызына тоқталды. Сонымен бірге білім бәсекесінің биік деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, әділқазылар алқасын таныстырды. Білім сайысына ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жабал Долиев, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов сынды елімізге танымал теолог ғалымдар мен білікті мамандар қазылық жасады.
Білім жарысына 26 ақпанда өткен іріктеу сайысынан жүзден жүйрік шыққан 6 шәкірт қатысты. Шәкірттер жұма күні жиналған жамағаттың алдында «Таным тұғыры» кітабынан және ұлттық дүниетанымымыз бен бүгінгі замандағы діни сенімге қатысты өзекті сауалдар бойынша сайысқа түсті.
Әділқазылар шешімімен өзінің білімділігін танытып, І орын және 50,000 теңгені Сыдықов Бегім есімді шәкірт жеңіп алды. ІІ орын және 30,000 теңге ақшалай сыйлықты М.Байбосынов еншілесе, ІІІ орын мен 20,000 теңге ақшалай сыйлық А.Боранбек бауырымызға бұйырды. Ал, М.Құрбаналиев, А.Сабырбаев, Д.Смағұлов қатарлы шәкірттер ынталандыру сыйлығымен марапатталды және ақшалай сыйақылар берілді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ummet.kz
03.03.2019
3370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру