Облысқа елге танымал уағызшы Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы ат басын тіреді. Қабылбек имам Тараз қаласында 3 бірдей мешітте уағыз жүргізді. Алғашқы насихат жиынды орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастаған ол, «Әзреті Әли», «Шейх Зуннун» мешіттерінің жамағатымен де жүздесті. Іс-сапардың алашқы күндерінде аталған «Һибатулла Тарази», «Әзреті Әли» мешіттерінде «Алдыңғы үмбеттен бұл үмбеттің 21 артықшылығы» тақырыбында уағыз айтса, күндердің сұлтаны жұма күні «Шейх Зуннун» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Ұстаздың насихатын тыңдауға келген халық қарасы көп болды. Көкейкесті сауалдар қойылып, жауаптар берілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
03.03.2019
3707
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру