Сарыағаш ауданының дін қызметінде іскерлігімен танылып, көп жылдар бойы еңбек сіңірген Берік Қалдаров Шымкент қаласына ауысты. Жамағаты темір тұлпар мінгізіп, шығарып салды.
Ауданның Бас имамы болып Тұрлыбек Төлебеков тағайындалды. Тұрлыбек Рүстембекұлы 1988 жылы туған Сарыағаш ауданының тумасы. Ұлты қазақ. Отбасылы. «Сарыағаш» медресе-колледжінің түлегі. Білімі орта-арнаулы. Әр жылдары әр түрлі салада қызмет еткен. Бас имамдыққа Сарыағаш қаласындағы «Мырзадияр» мешітінің имамы қызметінен ауыстырылды.
Аудан жамағатына Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамбердінің өзі таныстырып, қызметін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
yassi.kz
01.03.2019
4375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру