Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Жүрек жылуы» мейірімділіктің жаршысы

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.03.2019 2938 0 пікір
Қызылорда: «Жүрек жылуы» мейірімділіктің жаршысы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бастау алған «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

Атап айтар болсақ, «1-наурыз Алғыс айту» күніне орай «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға кезекті қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы «адамға алғысы болмағанның Аллаға шүкіршілігі азаятындығы» жөнінде насихат айтып, жалған өмірдің сынағына мойымай қайсарлық танытып жүрген батыр аналарға алғыс білдірді. Сөз соңында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға бір айлық азық-түлікті үлестірді.

Сонымен қатар, аталмыш күннің құрметіне орай, «Ерназар Мақсұм» мешіті 150 адамға ас берді және 22 отбасыға, Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешіті 15 отбасыға, қалалық «Сұлтан» мешіті 15 отбасыға, «Мүсірәлі ата» мешіті 20 отбасыға 1 айлық азық-түліктерін табыстаса, «Нұр» мешіті жамағаты 180 адамды түскі аспен тегін тамақтандырды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру