Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Өкіл имам "Алғыс айту күніне" орай жамағатпен кездесті

 Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.03.2019 3029 0 пікір
Шымкент: Өкіл имам "Алғыс айту күніне" орай жамағатпен кездесті

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Хазрет Әли», «Қарабастау», «Найман баба», «Икрам қажы» мешіттерінің алқа мүшелері мен мешіт жамағатымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қжы Бейсенбаев арнайы қатысып, мешіттердің қызметіне айырықша тоқталды. Бүгінгі таңда, әрбір мешіт ҚР Заңдары шеңберіне қызмет етуі, ҚМДБ -ның Жарғысы мен әрбір мешітке берілген Ереже бойынша қызмет ету қажет екендігін атап өтті. Бұдан бөлек, жастардың дұрыс тәлім алуы, олардың түрлі кереғар ағымдардан жетегіне түсіп қалмау үшін сақтану жолдары туралы баян етті.

«Мешітке келген бала күнә мен сауапты, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыра білетін болады. Яғни ол бала қоғамға пайдалы болып өседі. Сондықтан біз өзгеге үлгі болып, елге, қоғамға пайдалы бағытта жұмыс жасауымыз керек», - деді өкіл имам Б.Қыдырбайұлы.

Сондай-ақ, жиналған қауымды 1-наурыз «Алғыс айту» мерекесімен құттықтап, өз ризашылығын білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру