ҚМДБ "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қоры "ЖанҰя" балалар үйінің балапандарын "Аспандияр" мейрамханасында қонақ қылды. Балалар үшін бұл кішігірім мерекеде концерттік бағдарлама да орын алды. Тәрбиелік мәні зор көріністер қойылып қобыз, домбыра сынды аспаптарда күйлер орындалып, дәстүрлі әндер шырқалды. Кеш барысында балалар да өз өнерлерін ортаға салып, арман-тілектерімен бөлісті.
ҚМДБ "Зекет" корпоративтік қорының директоры Омаров Талғат Сейіткәрімұлы іс-шараға қатысып, жастарға уағыз-насихат айтты.
"Зекет" корпоративтік қайырымдылық қорының ұжымы кеш соңында балаларға арнайы сыйлықтар табыстап, алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Зекет" қорының баспасөз қызметі
01.03.2019
3051
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру