Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда мұқтаждарға көмек көрсетілді

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.02.2019 3140 0 пікір
Қостанайда мұқтаждарға көмек көрсетілді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Мейірбандылық - жүректен, қайырымдылық – білектен» атты қайырымдылық шарасы жасалды. 

Мұндағы мақсат – көп балалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық таныту. Ол үшін Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складская» атты сауда орталығындағы сауда жасайтын жеке кәсіпкерлермен кездесіп, шараның мақсатын түсіндірді. 

Осылайша барлық жәрдемдескен кәсіпкерлерден құны 170 мың теңге тұратын азық-түлік, тұрмыстық тауарлары жиналып, 8 көп балалы отбасыға және 2 көмекке мұқтаж жандарға тең көлемде бөлініп, таратылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру