Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Зекет – мүлік тазалығы, мұқтаж жанның – азығы

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.02.2019 3015 0 пікір
Қостанай: Зекет – мүлік тазалығы, мұқтаж жанның – азығы

Жуырда Қостанай облысы, Денисов аудандық «Жұма» мешітінің Бас имамы Болатжан Байшевтің ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Кездесудің ерекшелігі - зекет берудің маңыздылығымен шарттарын түсіндіріп жеткізу.

Аталмыш шараға Қостанай облысындағы өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы зекет берудің үкімін жан-жақты түсіндірді және нисабы яғни қалай есептелетінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «ЗЕКЕТ ҚОРЫ» және Қостанай облыстық мешіттерінде «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» жобасының ашылғандығы баяндады.

«Өкінішке орай, астанадағы өрімдей бес бүлдіршіннің қайғысы барлығымызға сабақ деп ойлаймын. Қабырғамызды қайыстырып, ойлануға себеп болды, осындай қайғылы жағдай орын алмас қолға алып жатқан шаруамыз. Ең болмағанда өз облысымыздағы мұқтаждарға қол ұшын созайық»- деп жиылған қауымды бір-бірімізге мейірбан болуымызға үндеді.

Алдағы уақытта облысымыздағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, дер кезінде көмек беруге шақырды. Жиынға өзге ұлт өкілдері қатысқандықтан, екі тілде өткізіп, Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан ресми тілде жиналғандарға жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру