Нұр-Мүбарак университетінде қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті ақын, драматург, халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.
Студенттер ақынның «Алыстан хат», «Сырдария» «Алатау» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқумен өнерлерін ортаға салды. Бірі күмбірлеген домбырамен төгілтіп күй шертсе, бірі ғибратты терме орындады. 1-курс студенттері ақынның «Толағай» атты поэмасының желісінде жасалған шағын сахналық көрініс ұсынып, көрермендерге керемет әсер сыйлады. Қойылыммен қатар экраннан «Толағай» жайлы мультипликациялық фильм көрсетіліп жатты.
«Әдебиетті білу, тарихты құрметтеу, ұлтыңды құрметтеу, сондықтан қыздар тек діни біліммен шектелмей жан-жақтылығын көрсетіп, менің де көңілім ерекше әсерге бөленді»,-дейді тіл маманы, магистр Гүлбану Суамбекова.
Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, куратор-эдвайзер пед.ғ.к. Нұрзия Әбішева шығармашылық кеште өнерлерін ортаға салған қыздарға ғана емес, тапжылмай тамашалаған көрермендерге де шексіз ризашылығын білдіріп, оқуларына сәттілік тіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
27.02.2019
3381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру