Бүгін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан орталықтарындағы мешіт Бас имамдарының қатысуымен кезекті алқалы жиын өтті.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы наурыз айында өтетін өңірдегі дін қызметкерлерін жаппай аттестациялауға дайындықтарын күшейту, тіркелмеген мешіт құжаттарын реттеу, «Жастар жылында» әр түрлі форматта шаралар ұйымдастыру, республикалық Құран Кәрім жарысына іріктеу сайысына шәкірт дайындау, көпбалалы аналарға көрсетілетін қайырымдылық жұмыстарын мейлінше көбейту, аудандардағы халал өнімі мен қызметін ұсынушы мекемелерді ҚМДБ «Халал Даму» тексерісінен өтуге насихаттау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілу керектігін айқындап, жүзеге асырылуын қадағалауды тапсырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.02.2019
2775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру