Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Интеллектуалды білім сайысының іріктеу кезеңі аяқталды

nurgasyr.kz 23.02.2019 3307 0 пікір
Ақтөбе: Интеллектуалды білім сайысының іріктеу кезеңі аяқталды

Жастар жылы» аясында Ақтөбе қаласы мешіттерінің шәкірттері арасында интеллектуалды білім сайысы өтетіні баршаға хабарланған болатын. Міне, күні кеше шәкірттер аталмыш іс-шараның алғашқы кезеңі іріктеуде білімдерін сынады. Сайысқа қаланың 8 бірдей мешітінен үміткерлер қатысты. Атап айтсақ, облыстық орталық «Нұр Ғасыр», «Ақтөбе қалалық орталық», «Нұрдәулет», «Бақытжан», «Қабақ баба», «Досжан Хазрет», «Сүлеймен Ата» және «Әл-Латиф» мешіттерінің шәкірттері.

Екінті мен ақшам намазы арасында өткен тестілеуде үміткерлер осы уақытқа дейін мешіт қабырғасында үйренген шариғат білімдерімен (фиқһ, ақида, ислам тарихы) қатар қазақтың салт-дәстүрі және ҚР заңнамалары аясындағы сұрақтарға жауап берді. 54 үміткер қатысқан сайыстың іріктеу кезеңінен жоғары балл жинаған 20 бала екінші кезеңге жолдама алды.

Интеллектуалды сайыстың екінші кезеңі үміткелердің берілген билет сұрақтарына ауызша жауап беруімен ерекшеленетін болады. Ал ақтық мәре кең ауқымды аудиторияда әртүрлі форматта өтетін болады деп күтілуде. Екінші және ақтық кезеңдерде қатысушылар бағалы әрі қомақты сыйлықтармен марапатталатын болады.

Сайыстың мақсаты ақтөбелік жастардың тек шариғат шеңберіндегі мәселелермен ғана шектелмей өз ата дәстүрін, конституциялық құқығын біліп, ойларының ұшқырлығы мен белсенділігін жан-жақты көрсете білуі болып отыр.

 

Еске сала кетейік, сайыстың екінші кезеңі 28 ақпан күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде өтетін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру