Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 14.02.2019 ж. №414 бұйрығымен Ақбаев Әлішер Сәбитұлы Қызылорда қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде мешітке жиналған жамағатқа «Әділ болу – адамгершіліктің асыл қасиеті» тақырыбында уағыз айтып, «Мүсірәлі Ата» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған жаңа имамды таныстырды. Жаңа имамға жауапты қызметте табыс тілеп, аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Арынов Берікке алғысын білдірді.
Ақбаев Алишер Сабитұлы – 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2004-2008 жж. кәсіптік орта Астана қаласы, «Транспорт және коммуникациялар» колледжі;
Мамандығы: Техник-механик;
2011-2015 жж. жоғары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті;
Мамандығы: Исламтанушы;
2017 ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының екі айлық курсында білімін жетілдірген.
Еңбек жолы:
2015-2018 жж. Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде найб имамдық қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеген.
2018-2019 жж. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітінде Бас болып қызмет атқарып келді.
2019 жылдың 14 ақпанынан бастап Қызылорда қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітіне Бас имам болып тағайындалды.
Үйленген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.02.2019
3448
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру